Габидуллина мен Қойшыбаеваның суреттері пошта маркаларында пайда болды
Орталық байланыс қызметінде қазақстандық Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерінің бейнесімен жарыққа шыққан пошта маркаларына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады «ҚазАқпарат».
Пошта маркаларында жүзуден Паралимпиада чемпионы болған Зульфия Габидуллина мен пауэрлифтингтен күміс медаль алған Раушан Қойшыбаеваның суреті бейнеленген.
Марка өлшемі 28×40 мм тең. Жалпы саны 15 мың дана тиражбен таралатыны белгілі болды. Суретшісі: К. Плужников. Әр данасы - 200 теңге. Пошта маркалары мемелекеттік «ҚР Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасында» жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или