Criminals
Бокс

Бокстан әлем чемпионы бейтаныс біреуден таяқ жеді

news-banner7
mobile-news-top

Boxingscene басылымының хабарлауынша, екі салмақ дәрежесіндегі бокстан әлем чемпионы Рикардо Майорганы белгісіз біреу ұрып кеткен.

43 жастағы боксшыға белгісіз біреу жанармай құятын бекетінде бейсбол таяғымен шабуыл жасап, бірнеше рет соққыға жыққан. Басылымның айтуынша, ұрыс жанармай құятын бекттегі орынды бөліспеудің салдарынан басталған.

Айта кетейік, Майорга спорттағы мансабын өткен жылдың тамыз айында аяқтаған. Ол 41 кездесудің 31-де жеңіске жеткен (25 нокаутпен). Никарагуалық боксшы өзінің шырт мінезімен танымал.

1e4e9cf9fba5fc7879de05526ec11404.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер