31-жастағы қорғаушы Алексей Мулдаров «Атыраумен» ресми түрде келісімшартқа отырды.  

Алексей Мулдаров – владикавказ футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін Мулдаров «Моздок», «Краснодар-2000», «Губкин», «Мордовия», «Ақтөбе», «Қайсар» мен «Шахтер» командаларында өнер көрсетті.  

Ал 2013-ші жылы Мулдаров Қазақстан азаматтығын алып, Ұлттық құрама сабында үш кездесу өткізді. Қазақстан чемпионатында Мулдаров жалпы саны 69 матчқа қатысып, үш гол соқты.