Сербияық жартылай қорғаушы Милош Красич ешбір қазақстандық клубқа ауыспайтынын айтты.

«Қазақстанға келуім мүмкін деген әңгімелер - өтірік. 2017 жылға дейін менің келісімшартым бар. Маған Жапония мен Қытайдан ұсыныстар түскені рас. Көктемде «Лехиядағы» мансабымды жалғастыра беремін», - деді Красич.