25-жастағы қорғаушы Кадио Дидье Борис «Жетісумен» келісімшартқа отырды.

Бұл туралы талдықорғандық клубтың ресми сайтынан белгілі болды. 

Кадио Дидье Борис – ивуарлық «АСЕК Мимозас» футбол клубының түлегі. Сондай-ақ, Кадио Дидье Борис екі маусым бойы армениялық «Ширак» кейін финляндиялық «Яро» командасында ойнады.

Естеріңізге сала кетсек, Борис осыдан екі жыл бұрын «Жетісу» намысын қорғаған болатын.