Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Египет) өтіп жатқан ITF жекелей турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші голландиялық теннисші Александр Мартен Йонгпен кездесіп, 7:6, 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу Египет турнирінің 1/16 финалдық кезеңінде өтті.