Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан әйелдер арасындағы WTA 1000 турнирінің барлық жартылай финалистері белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz.

1/2 финалдың алғашқы кездесуінде Елена Рыбакина мен Виктория Азаренко кездеседі.

Екіншісінде Екатерина Александрова мен Даниэль Коллинз өнер көрсетеді. Екі ойын да 29 наурызға қараған түні өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы турнирді әлемнің 23-ракеткасы Чехиялық теннисші Петра Квитова жеңіп алған болатын.