Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар Жиронадағы (Испания) Челленджердің жұптық сайысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда қазақстандық Эскобармен бірге Филип Бергеви (Швеция)/Мик Велдхеер (Нидерланды) жұбын 6:3, 4:6, 10:3 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 31 минутқа созылды.