Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Бейрутта (Ливан) өткен WTT Youth Contender турнирінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 жасқа дейінгі жас санатында Алан Құрманғалиев жарыс жеңімпазы атанды.Арнұр Оралханов және Жанерке Қошқымбаева (19 жасқа дейін), Нұрислам Қасым (17 жасқа дейін) және Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейін) үшінші орын алды.