Қазақстанның екінші, әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киздің мысын басты.

Ю.Путинцева екі сетте де басымдық танытты – 6:4, 6:1.