26 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердамда өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы италиялық Лоренцо Музеттимен жұптасып, ширек финалда Р.Хасе/Б.Ван де Зандсхюлп дуэтінен жеңіліп қалды - 4:6, 2:6.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик бұған дейін жекелей сында канадалық теннисші Милош Раоничке жол берген еді.