Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада WTA 1000 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің төртінші ракеткасы ширек финалда канадалық Лейла Фернандесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 1:4 есебімен жеңіліп жатқан еді, бірақ қатарынан бес геймде басым түсті.
Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.
Енді Рыбакина жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі.
Еске салайық, Қатардағы турнир 11-17 ақпан арасында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сынның жүлдеқоры - 3,2 миллион доллар.
Комментарии