Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете бастаған ресейлік теннисші Александр Шевченко Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 сериясындағы турнирде екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға шығу үшін өткен матчта АТР рейтингінде 57-орында тұрған қазақстандық спортшы әлемнің жетінші ракеткасы даниялық Хольгер Рунені 6-4, 1-6, 6-3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Жартылай финалда Александр болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.