«Оқжетпес» жасөспірімдер командасының ойыншысының бейнеклипі әлемнің танымал парақшаларына тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

430 мыңнан астам жазылманы бар Wonderkids Instagram парақшасында «Оқжетпес» U-16 клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында өнер көрсететін футболшы Аңсар Нұрғалидің ойынының бейнеклипі жарияланды.

Бейне «POV (point of view: көзқарас): Серхио Бускетс ойнаған бейнелерді ғана қарап өскенде» деген мәтінмен бірге тарады.

Пост 4,9 миллион қаралым, 261 мың лайк пен 1300-ден астам пікір жинаған. Сандар секунд сайын өсуде. Бұл жазба кейінірек 13 миллион жазылманы бар Sportf парақшасында жарияланды.

Ойыншының жеке профилі де пайдаланушылардың ынталы пікірлеріне толды. Оқырмандар Аңсар Нұрғалидің ойын мәнерін жоғары бағалап, «Ла Масияда» көргіміз келеді» деген сөздер жазуда. Өздерін агентпін деп таныстырып, қызметтерін ұсынып жатқандар да бар.

Аңсар Нұрғали 2008 жылы 20 сәуірде дүниеге келгені белгілі. Ойыншы қазір 15 жаста.

Еуро-2024 жеребесі тартылды. Қорытынды

Мүмкіндік жоқ па? «Астана» өз алаңында «Динамодан» жеңілді