Күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Елена Шалыгина Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кіші финалда» қазақстандық спортшының қарсыласы Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері моңғолиялық Делгермаа Энсайхан болды.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Энсайхан жеңіске жетті. Осылайша, 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Азия ойындарында жүлдесіз қалды.