Бүгін қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы финалда екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен кездесіп, жеңіске жетті.

Осылайша Қайсар ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық каратэші Әсел Қанай ирандық Атуса Голшаднежадты жеңіп, турнирдің қола жүлдегер атанған болатын.