Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» клубы мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Садио Манені қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сауд Арабиясының клубтары «Бавариядан Садио Манені алғысы келеді. «Әл-Ахли» бірнеше күннен бері барын салып жатыр, себебі олар Роберто Фирмино мен Садио Маненің басын қосқысы келеді.

Басқа клубтар да қызығушылық танытып отыр, бірақ ойыншының шешімін күтеміз», - деп жазды Романо.