Кристоф Гальтье «ПСЖ-дан» кетті. Париждік клуб бас бапкермен келісімшартын бұзғанын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гальтье «ПСЖ» тізгінін 2022 жылы жазда ұстаған. Оның жаттықтыруымен команда Франция чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды. Ал Чемпиондар лигасынан 1/8 финалда ұшып кетті.

Бұған дейін Гальтьенің орнына париждік клубтың тізгінін Луис Энрике ұстайтыны хабарланған.