Англиялық маман Ханна Дингли ағылшын футболында ер адамдар командасының тізгінін ұстаған алғашқы әйел атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Англия Екінші лигасында өнер көрсететін «Форест Грин Роверс» Динглиді бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындады. Командадан таяуда Данкан Фергюсон кеткен болатын.

«Бірінші команданың уақытша бапкеріне қызметіне Ханнаны таңдадық — ол біздің академиямызды басқарып, ғажайып жұмыс атқарды, ол клуб құндылықтарына толығымен сай келеді», — деді клуб қожайыны Дейл Винс.