Әлем чемпионаты: Финалдың бірінші күнінің тікелей трансляциясы

13 мамырда Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында 48, 51, 60, 67, 75 және 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сессияның бірінші жұбында 48 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Санжар Ташкенбай алтын медаль үшін Грузия боксшысы Сахил Алахвердовимен жұдырықтасады.
Бұл жекпе-жектен шаршы алаңға қазақстандық Дулат Бекбауов пен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхуджаев шығады, олар 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
чемпион атағын сарапқа салады.
Өзбекстан астанасынан тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 17:55-те басталады, оны Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Алғашқы финалдық жұптар мынадай:
48 келіге дейін Сахил Алахвердови (Грузия) – Санжар Ташкенбай (Қазақстан)
67 кг. Дулат Бекбауов – Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)
60 кг. Эрисланди Альварес (Куба) – Софьян Умия (Франция)
75 кг. Вандерлей Перейра (Бразилия) – Йонлис Эрнандес (Куба)
51 кг. Белал Беннама (Франция) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
92 келіден жоғары. Фернандо Арсола (Куба) – Баходир Джалолов (Өзбекстан).