Кособуцкий WBA рейтингінде үздік ондыққа жақындады

Кособуцкий WBA рейтингінде үздік ондыққа жақындады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орнын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 12-орынмен рейтингке енді. 1 шілдеде Кособуцкий АҚШ-та жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Джаред Андерсонмен жұдырықтасады, ол рейтингте 11-орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Бұл салмақтағы тағы қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.

Бірінші ауыр салмақта Серік Мұсәділов 15-орыннан жылжыған жоқ. Бұл салмақта чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет сегізінші орынын сақтап қалды. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.<br /><br />Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек үш саты төмендеп, 13-орынға жайғасты. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орында тұр. Бұл салмақта чемпионы - филиппиндік Марлон Тапалес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или