«Астана» баскетболшылары Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңінде «Барсы Атырау» командасымен сырт алаңда өткен бірінші турда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 62:67 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. «Барсы Атыраудың» шабуылдаушы қорғаушысы Эрик МакГилл 21 ұпаймен кездесудегі ең нәтижелі ойыншы болды.

9 сәуірде Астана уақытымен сағат 18:00-де бұл командалардың екінші кездесуі өтеді.