Баскетболдан Қазақстан чемпионатында «Астана» «Барсы Атырауды» ұтты
![Баскетболдан Қазақстан чемпионатында «Астана» «Барсы Атырауды» ұтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_357e4db8ea33346244454c1f6f6b1813.jpg?v=28641540)
«Астана» баскетболшылары Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңінде «Барсы Атырау» командасымен сырт алаңда өткен бірінші турда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 62:67 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. «Барсы Атыраудың» шабуылдаушы қорғаушысы Эрик МакГилл 21 ұпаймен кездесудегі ең нәтижелі ойыншы болды.
9 сәуірде Астана уақытымен сағат 18:00-де бұл командалардың екінші кездесуі өтеді.