Павлодарда волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалдық сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде «Павлодар» клубы 2022/2023 жылғы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

«Павлодар» ойыншылары финалдық серияда «Атыраудан» басым түсті. Қос команда арасындағы екінші ойын нәтижесі – 3:2 (20:25, 25:20, 19:25, 25:18, 15:11).

Қола жүлде «Таразды» 2:0 есебімен жеңген алматылық «Буревестник» командасына бұйырды. Екінші ойында алматылық команда 3:0 (25:16, 26:24, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Бесінші және жетінші орын үшін серияның екінші кездесуі мынадай нәтижемен аяқталды:

5-орын үшін. «Жайық» (Орал) – «Алтай» (Өскемен) 3:1 (25:20, 22:25, 25:21, 26:24). Сериядағы есеп – 2:07-орын үшін. «Ұшқын» (Көкшетау) – «Есіл» (Петропавл) 0:3 (23:25, 15:25, 20:25). Сериядағы есеп – 0:2.