7 және 23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында қыздар арасындағы хоккейден 1В дивизиондағы әлем чемпионаты өтеді. А тобына жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Польша, Италия, Корея, Ұлыбритания және Словения командаларымен тартысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazakhstanhockey басылымына сілтеме жасап.8 сәуір күні Виктория Сазонованың жетекшілігіндегі команда Астанада жиналып, бастапқы жиынды өткізеді.12 сәуір күні біздің қыздар Кореяға аттанып, 15 сәуір күні Ұлыбритания құрамасымен бақылау матчын өткізеді.17 сәуір күні Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын Ұлыбританияға қарсы матчпен ашады.