Лео Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеу матчына қатыспайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео Жарагуа команданың оқу-жаттығу жиынын және Словенияға қарсы матчты өткізіп жібереді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лео сіңір жарақат алып, команданың наурыз айындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің негізгі кезеңінің соңғы матчында Словенияға қарсы ойнайды. Ойын Мариборда 7 наурыз күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или