WBA рейтингі: Головкин - чемпион, Қоңқабаев пен Павлов үздік бестікте

Қазақстандық бірқатар кәсіби боксшылар Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингіне енді.
Супер ауыр салмақта Иван Дычко үздік бестікті түйіндеді. Қамшыбек Қоңқабаев (4-ші) пен Серік Мұсаділов (15-ші) крузервейт рейтингісіне енді.
Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 9-орынға жайғасты. Геннадий Головкин болса орта салмақта WBA Super чемпионы.
Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта 12-13 орындарды орналасты. Ал Евгений Павлов аса жеңіл салмақта үздік бестікте қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или