Тайнан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі матчына Қазақстан құрамасына шақырту алды

Испаниялық «Эль-Посо» универсалы Тайнан Да Силва 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Словения құрамасына қарсы матчқа дайындалу үшін Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі мурсиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық футзалшылар 8 наурыз күні сырт алаңда словениялықтармен кездеседі. Бұл кездесуде еуропалық іріктеудің негізгі кезеңіндегі 5-топта кім бірінші орын алатыны анықталады.
Испанияның ағымдағы чемпионатында <span>Тайнан </span>мурсиялық «Эль Посо» сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соққан болатын.
<span>Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или