«Динамо» (Батуми) шабуылшысы Фламарион Жуниор «Астанаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Aladop.kz-ге сілтеме жасап.

2022 жылғы Грузия чемпионатында Фламарион Джуниор 29 матчта 19 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Сондай-ақ 26 жастағы шабуылшы тоғыз нәтижелі пас берді.

Metaratings.kz хабарлағандай, Фламарион «Палмейрас» клубының түлегі. Ол мансабын Черногорияның «Ловчен» клубында бастаған. 2017 жылы ол Грузияның «Динамо» клубымен келісімшартқа отырды.