Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский карьерасын Армения чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Armenian Football Group | AFG телеграм-каналының мәліметінше, түркістандық «Тұран» ойыншысы Ереванның «Алашкерт» командасына ауысуға жақын.

Бұған дейін Рудосельский Арменияда өнер көрсеткен болатын. Оның тәжірибесінде «Севан», «Лори» және «Нораванк» сияқты командалар бар.

«Нораванк» құрамында 28 жастағы футболшы Армения кубогының иегері атанған.

Қазақстанда Тимур алматылық «Қайрат», қызылордалық «Қайсар», көкшетаулық «Оқжетпес», талдықорғандық «Жетісу» сапында ойнаған, сондай-ақ израильдік «Хапоэлде» өнер көрсеткен болатын.