«Aladop» телеграм-арнасы алматылық «Қайрат» пен «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Қазақстан Премьер-лигасына оралуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арсенал» Тула командасының шабуылшысы Джордже Деспотовичтің агенті сербиялық ойыншыны «Ақтөбе» командасына ұсынып отыр. Екінші нұсқа ретінде «Астана» қарастырылып жатыр», - деп жазды басылым.

30 жастағы серб форварды тулалық «Арсеналға» биыл ауысқан.

Деспотович Қазақстанда «Қайрат» пен «Астанадан» бөлек, талдықорғандық «Жетісу» мен қостанайлық «Тобылда» ойнаған.