2022 жылы Екінші лиганың үздік сұрмергені атанған Бақдәулет Зүлфиқаров қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өтіп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы шымкент футболының түлегі «Қыран», «Оңтүстік Академиясы» және беларусьтік «Энергетик-БГУ» командаларында өнер көрсеткен.

Өткен маусымда Зүлфиқаров «Тұранның» жастар командасы сапында Екінші лигада жиырма бес гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Түркістандық клубтың негізгі командасында 6 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Ойыншы «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Ол италиялық «Сампдорияға» қарсы матчқа (0:3) қатысты.