Екінші лиганың үздік сұрмергені «Қайсарда» қаралымнан өтіп жатыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2022 жылы Екінші лиганың үздік сұрмергені атанған Бақдәулет Зүлфиқаров қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өтіп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 жастағы шымкент футболының түлегі «Қыран», «Оңтүстік Академиясы» және беларусьтік «Энергетик-БГУ» командаларында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда Зүлфиқаров «Тұранның» жастар командасы сапында Екінші лигада жиырма бес гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Түркістандық клубтың негізгі командасында 6 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Ойыншы «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Ол италиялық «Сампдорияға» қарсы матчқа (0:3) қатысты.