Football.by хабарлауынша, беларусь жартылай қорғаушысы Василий Совпел қазақстандық «Қайсармен» бірге жаттығуда. Ол бұған дейін Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Сампдорияға» қарсы ойынға (0:3) қатысқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Энергетика-БГУ» ойыншысы өткен маусымды «Гомельде» жалда ойнап, жоғары лигада 17 матч өткізіп, гол соққан жоқ.

Өткен маусымда «Қайсар» бірінші лигада екінші орын алып, келесі жылы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.

«Қайсар» сапында белорустар Артем Дилевский, Сергей Бондаренко және Кирилл Сидоренко да өнер көрсетеді.