Әлемнің 8-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович ATP қорытынды турнирінің алтын дүркін чемпионы атанды.

Италияда өткен турнирдің финалында Новак Джокович норвегиялық Каспер Руудпен кездесіп, 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Жылдың қорытынды турнирінде сербиялық теннисші алтыншы мәрте топ жарып отыр. Бұл көрсеткішпен ол швейцариялық Роджер Федерермен теңесті.