Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткеніндей, қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өздерінің сәйкесінше 22-інші және 52-орнын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингіде Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, тунистік Онс Жабер екінші, америкалық Джессика Пегула үшінші орында.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 11-сатыда қалса, Жібек Құламбаева 204-тен 203-ке көтерілді.
Чехиялық Катерина Синякова жұптық сында бұрынғыша алдына жан салмаса, ресейлік Вероника Кудерметова мен тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова үздік үштікте келеді.
Комментарии