Джеззинде (Ливан) WTT Youth Contender Jezzine үстел теннисі турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

15 жасар қарағандылық Алан Құрмангалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. 16 жасар алматылық Абдулла Мамай ширек финалға шыға алды.

Бұған дейін Алан 17 жастағы теннисшілер арасында чемпион атанған болатын. Осылайша, Аланның активінде екі медаль бар.