«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Алтын бутсаға» таласта бәсекелестерінен озып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Еuro-football.ru сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы норвегиялық форвард сенбіде «Брайтон» қақпасына дубль жасап, АПЛ-дегі голдар санын 17-ге жеткізген. Еуропаның үздік лигаларында сұрмергендер тізімінде екінші орында «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски келеді - ол Испания чемпионатында 12 рет мергендік танытқан.

«Пари Сен-Жермен» ойыншысы Килиан Мбеппе мен «Тоттенхэм» форварды Харри Кейн 10 голдан соққан.

Одан кейінгі орындарда Неймар («ПСЖ»), Александар Митрович («Фулхэм») пен Джонатан Дэвид («Лилль») келеді – әрқайсында 9 голдан.

ФОТО daytimenews.ru