«Челси» президенті Тодд Боули «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боулидің пікірінше, Роналдудың трансфері лондондық клубтың брендін жақсартады. Ол бұған дейін бұрынғы бас бапкер Томас Тухельден Роналдудың кандидатурасын қарауды сұраған, бірақ неміс маманы оны сатып алуға қарсы болған еді.

Роналдудың агенті Жорже Мендеш «Челси» бұл трансферді жасай алатынына сенімді емес. Роналду қазіргі бас бапкер Грэм Поттердің келісімінсіз ауыспайтыны айтылады.