Литва чемпионатының 33-турында «Жальгирис» өз алаңында «Хегельман» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Жальгирис» турнир аяқталуға жеті тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпион атанды. «Жальгирис» турнирлік кестеде 72 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орындағы командадан айырма 15 ұпайы көп.

Айта кетейік, «Жальгиристі» қазақстандық Владимир Чебурин жаттықтырады. Бұл оның клубтағы екінші чемпиондық атағы.

Ал «Жальгирис» сапында доп тебетін қорғаушы Дінмұхамед Кәшкен негізгі құрамда алаңға шықты.

Литва Премьер-Лигасы. 33-ші тур.

«Жальгирис» (Вильнюс, Литва) – «Хегельман» (Каунас, Литва) – 2:1 (1:1)

Гол соққандар: Арманавичюс 25 (0:1), Казлауцкас 35 (1:1), Ойвуси 63 (2:1)