ATP 24-30 қазан аралығында Базельде (Швейцария) өтетін ATP-500 жаңа турнирінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге Александр Бублик (Қазақстан), Холгер Руне (Дания), Алекс де Минор (Австралия), Энди Мюррей (Ұлыбритания), Роберто Баутиста-Агут (Испания) да қатысады.Турнирдің жүлде қоры 2 135 350 еуроны құрады .

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Бубликтің қарсыласы Рамос-Винолас-Музетти жұбында анықталады.