Ташкентте өткен ITF Juniors J2 жарысының жұптық кезеңінде жерлестеріміз топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айя Нүпбай мен Асылжан Арыстанбекова ITF Juniors санатындағы 9-ы жарыста жеңімпаз атанды. Олар Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы жарыстың жұптық бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан ішінде үздік саналатын Айя Нүпбай мен Асылжан Арыстанбекова жұбы жарысқа бірінші нөмермен тіркелген Владислава Андреевская (Қырғызстан)/Дарья Шадченова (Ресей) жұбын финалда қиналмай ұтты. Есеп 6:2, 6:3. Айя мен Асылжан соңғы 10 күнде екі жарыс жеңіп отыр. Осыған дейін олар Шымкенттегі жарыста жеңімпаздар тұғырына көтерілген болатын. Ал жекелей сындағы сайыстың финалында Дана Байдәулет (ITF Juniors рейтингінде 216 орында) Польша теннисшісі Сьюзанна Павликовскаға есе жіберді. Кездесу есебі 1:6, 5:7.