Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Гвадалахарадағы (Мексика) WTA 1000 сериялы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен, әлемнің үшінші ракеткалары америкалық Кори Гауфф/Джессика Пегуланы 6:4, 7:5 есебімен жеңді.Жартылай финалда Анна мен Беатрис әлемнің бірінші ракеткалары чехиялық Барбора Крейчикова/ Катерина Синяковамен кезедеседі. Естеріңізге сала кетейік осы жылдың басында Аустралия ашық біріншілігінде Анна мен Беатрис финалда дәл осы Барбора мен Катеринаға жол берген болатын.