Головкин-Альварес трилогиясының андеркартында аса жеңіл салмақтағы WBC чемпионы америкалық Джесс Родригес (16-0, 11 КО) мексикалық Исраэль Гонсалеспен (28-4-1, 11 КО) жекпе-жегінде чемпиондық атағын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Джесс Родригеске берді – 118:109, 117:110, 114:113.

Родригес осылайша кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін екінші рет сәтті қорғады.