WBA/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареске қарсы рингке шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG аренаға келіп, жаттықтырушыларымен дайындықты бастап кетті.

Геннадийдің шешінетін бөлмесінің суреті боксшының ВК-дағы ресми тобында пайда болды. Дизайн мемлекеттік тудың түсінде жасалған. Сондай-ақ, ортада басты мемлекеттік рәміз орналастырылып, оның жанында Головкиннің қолтаңбасы бар шапаны ілулі тұр.