Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC қол астындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC Vegas 60 турнирінде қазақстандық екінші раундта канадалық Джиллиан Роберстоннан (11-7) жеңіліп қалды.

Агапова UFC-де үшінші рет сәтсіздікке ұшырады. Онымен қоса, екі жеңісі бар.

Ал Роберстонда 8 жеңіс және 5 жеңіліс бар.