Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы аты аңызға айналған отандасы Геннадий Головкинді қолдау үшін T-Mobile аренасына (Лас-Вегас, АҚШ) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін GGG мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет кездеседі. Көптен күткен трилогияны асыға күткен көрермендер арасынан Әлімханұлы да табылды. Жәнібек камераға «Алға, Қазақстан!» деп қолдау білдірді. Видео Instagram желісіндегі Kazakh Style парақшасында жарияланған.

Еске салайық, GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы сөзі әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.