Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 17 қыркүйекте еркін күрестен үш балуан бозкілемге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада бүгін қазақстандық жанкүйерлер еліміздің құрамасынан үш балуанның белдесуін тамашалай алады. Олардың қатарында Асыл Айтақын (61 келі), Әділ Оспанов (65 келі) және Мамед Ибрагимов (97 келі) бар.

Жарыстың аталған сатысындағы сайыстар елорда уақытымен 14:30-де басталады.