Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Порторожда (Словения) өтіп жатқан WTA 250 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина екінші айналымдағы кездесуде чехиялық Тереза ​​Мартинкованы 6-4, 6-1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат, 13 минутқа созылды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші бірінші айналымда германиялық Лаура Зигемундты 6:7, 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Фото Reuters