Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында Contender Almaty халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Propsports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші күні біліктілікте 15 қазақстандық ойнады, олардың тоғызы бірінші раундтан өтті.

Искандер Харки (Қазақстан) - Людовик Гомбош (АҚШ) 3:2

Владислав Захаров (Қазақстан) - Аззам Алим (Сауд Арабиясы) 3:0

Дастан Кенжигулов (Қазақстан) - Джит Чандра (Үндістан) 3:2

Бақдәулет Әкімәлі-Эрик Райтер 3:1 (екеуі де Қазақстан)

Сагантай Курмамбаев (Қазақстан) - Никита Панов (Өзбекстан) 3:1

Жанерке Кошкумбаева ( Қазақстан) - Аружан Камалова (Өзбекстан) 3:1

Ангелина Романовская-Айя Алимбаева 3:1 (екеуі де Қазақстан)

Гүлчехра Хусейнова ( Қазақстан) - Розалина Хаджиева (Өзбекстан) 3:2

Александра Смирнова-Анель Бахыт 3:0 (екеуі де Қазақстан)

Ирисбек Артукметов (Қазақстан) - Лю Йебо (Қытай) 0:3

Алсу Сапарова (Қазақстан) - Зан Сяотун (Қытай) 0:3

Арай Ашкеева (Қазақстан) - Вивьен Шольц (Люксембург) 0:3.

Бүгін, 14 қыркүйек күні екінші біліктілік күні өтеді.